SENSODYNE ТІС ПАСТАСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Ұзаққа созылатын сезімталдықтан қорғау*
Сезімталдықты төмендету*
Ауыз қуысын қорғау*
Тынысты тазарту*
*үздіксіз, күніне екі рет тазалаған жағдайда
*Jeandot J. et al. Clinc (French) 2007; 28: 379−384.
СЕЗІМТАЛДЫҚТЫ ТҮСІНУ
Сезімтал тістер сәл сыздағаннан бастап, айтарлықтай қолайсыздық тудырып қақсап ауруға дейін апаруы мүмкін. Ауыру келуі және кетуі мүмкін әрі кейбір жағдайларда басқа жағдайларға қарағанда қаттырақ болуы мүмкін. Сезімталдықтың себебіне байланысты сіз әр тісіңізде ауыруды сезінбеуіңіз мүмкін. Cезімтал тістердің ауыруын басып, оларды мазаламайтындай ету және ауыруын тез тоқталатындай ету мүмкін. Ауыз қуысының гигиенасын жүйелі түрде сақтау өте маңызды болып табылады. Тістерді тіс сезімталдығын төмендетуге арналған Sensodyne тіс пасталарын пайдалана отырып, тіс қылшағымен күніне екі рет, күн сайын тазалау симптомдарды жеңілдетудің оңай жолы болып табылады. Сондай-ақ бұл сезімталдықтан ұзақ уақыт қорғайды.
*Pradeep A R, et al., A randomized clinical trial. J Periodontol. 2010; 81(8): 1167-1173.
*Mason, S. Et all. (2010), J Clin Dent, 21(2), pp. 42-8.
Сезімтал тістерге арналған КҮН САЙЫНҒЫ КҮТІМ
Сезімтал тістердің ауыруын қалай жеңілдетуге болады?
Сіз сезімтал тістердің ауыруын жеңілдететін тіc пастасын сатып алуыңыз мүмкін. Бұл сізге симптомдарын қайтаруға және тамаша ауыз қуысы гигиенасын сақтауға көмектеседі. Есіңізде болсын, тістеріңізді жүйелі түрде тіс қылшағымен және тіс жібімен тазалау тістеріңізге өте пайдалы болып табылады. Іс жүзінде, ауызға күтім жасау сезімтал тістер үшін алғашқы және ең жақсы ем болып табылады.* Мұнда сезімтал тістерге көмектесетін біраз кеңес берілген:
- Қант қосылған тамақтар мен сусындарды тұтынбаңыз, өйткені бұлар тістің шіруіне және сезімтал тістердің пайда болуына әкеледі.
- Тістеріңізді тіл қылшағымен тазалағанда өңезді толық қамтып, кетіру үшін тістеріңізді айналма қозғалыстармен тазалаңыз әрі фторидті қамтитын тіс пастасын пайдаланыңыз.
- Тістеріңізді тіс қылшағымен тазалағаннан кейін аузыңызды бірден шаймауға тырысыңыз, өйткені бұл тіс пастасын кетіріп, ол көрсетіп жатқан пайдалы әсерін жояды. ** Әсіресе бұл Sensodyne сияқты сезімтал тістерге арналған тіс пастасын пайдалану жағдайларына қатысты болып табылады. Бірақ бәлкім үйдегі сезімтал тістердің ауыруын жеңілдетудің ең жақсы әдісі — Sensodyne сияқты сезімтал тістерге арналған күнделікті тіс пастасын пайдалану. Ол құрамындағы фторид пен басқа арнайы ингредиенттері арқылы тіс сезімталдығын төмендетуге, сонымен бірге тістеріңізді қорғауға арналған.