Жиі қойылатын сұрақтар

Тістің сезімталдығы туралы жиі қойылатын сұрақтар

Сезімтал тіске арналған тіс пасталары туралы  жиі қойылатын сұрақтар

  • Тіс дәрігерлерінің ұсынымдары бойынша қандай тіс пастасы сезімтал тістерге арналған №1 паста болып табылады?

    Sensodyne тіс пастасы тіс дәрігерлер ұсынатын сезімтал тістерге арналған паста болып табылады.

  • Тістің сезімталдығын төмендететін тіс пасталары қалай жұмыс істейді?

    Дентині жалаңашталған науқастар мысалы, суық немесе ыстық тамақ және сусындар салдарынан тістің сезімталдығына бейім болып келеді.  Sensodyne тіс пасталарының құрамдары әртүрлі екі әдіспен жұмыс істейді: Калий нитраты бар Sensodyne тіс пасталары тістің ішіндегі жүйкені тыныштандырады. NovaMin технологиясы бар Sensodyne Қалпына келтіру және Қорғаныс тіс пастасы  жалаңашталған дентиннің бетінде тұрақты қалпына келтіру қабатын түзіп, ауырсыну факторларының әсеріне кедергі келтіреді. Барлық  Sensodyne тіс пасталарының тісті күніне екі рет тазартқан жағдайда тістің сезімталдығынан туындайтын ауырсынуды басатыны дәлелденді.

  • Sesnsodyne тіс пастасы түрлі нұсқаларда қол жетімді ме ?

    Sensodyne тіс пастасы барлық жеке қажеттіліктер мен қалауды қанағаттандыратын  көптеген нұсқада қол жетімді болып табылады:

  • Sensodyne тіс пасталарының топтамасында ағартқыш құрамды паста бар ма?

    Иә.  Sensodyne Нәзік ағарту сияқты тіс пастасының құрамына ағартқыш құрамдас бөліктер кіреді.

  • Sensodyne тіс пастасын қаншалықты жиі пайдалану керек?

    Тістің сезімталдығынан тұрақты қорғанысты қамтамасыз ету үшін әдеттегі тіс пастасының орнына  Sensodyne тіс пастасын күн сайын күніне 2 рет пайдаланыңыз. Өз тіс дәрігеріңізге жүгініп, ауыз қуысы гигиенасының Сіз үшін оңтайлы әдістері туралы кеңес беруді сұраңыз.

  • Sensodyne тіс пастасын қолданған кезде сезімталдылықтың төмендегенін қанша уақыттан кейін байқауға болады?

    Тістің аса сезімталдығынан туындайтын ауырсыну сезімдерінен ұзақ уақыт қорғаныстың артықшылықтарын сезіну үшін сезімталдылықты төмендетуге арналған тіс пасталарын күніне екі рет пайдалану керек.

    Клиникалық зерттеулер Sensodyne пастасы сияқты құрамында калий нитраты бар тіс пасталарымен  күніне 2 рет тазартқан жағдайда 2 аптадан соң тістің сезімталдығының төмендейтінін көрсетті.

    Клиникалық зерттеулер тісті күніне 2 рет тазартқан кезде 5% NovaMin қосылысы бар тіс пасталарының 1 аптадан соң ақ жұмыс істей бастайтынын және 2 апта пайдаланғаннан кейін айтарлықтай артықшылықты қамтамасыз ететінін, ал клиникалық жетістіктердің 6 айдан артық сақталатынын көрсетті.

    Нұсқаулықты үнемі оқып, пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындаңыз. Сезімтал тістер бірден емдеуді талап ететін анағұрлым күрделі мәселенің белгісі болуы мүмкін. Бұл белгілер сақталатын болса немесе күшейетін болса, өз тіс дәрігеіңізге жүгініңіз.

  • Мен Sensodyne тіс пастасын пайдалануды тоқтататын болсам, тістің сезімталдығы оралады ма?

    Құрамында калий нитраты бар сезімтал тіске арналған тіс пасталарының тиімділігін зерттеген клиникалық зерттеу нәтижелері осы пасталарды пайдалануды тоқтатқан жағдайда  сезімталдылықтан туындаған ауырсыну белгілерінің оралатынын көрсетті.
    Sensodyne тіс пасталары күнделікті пайдалануға арналған пасталар болып табылады және нұсқаулыққа сәйкес  күніне 2 рет пайдаланған жағдайда дентиннің аса сезімталдығын төмендету үшін арнайы әзірленген.
    Өтінеміз, тістің сезімталдығы, ауыз қуысы гигиенасының оңтайлы әдістері, дәл Сізге лайықты тіс пастасын таңдау мәселелеріне қатысты өз тіс дәрігеріңізге жүгініңіз.
    Нұсқаулықты үнемі оқып, пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындаңыз. Сезімтал тістер бірден емдеуді талап ететін анағұрлым күрделі мәселенің белгісі болуы мүмкін. Бұл белгілер сақталатын немесе күшейетін болса, өз тіс дәрігеріңізге жүгініңіз.

     

  • Жасы 12-ге толмаған балаларға Sensodyne тіс пастасын пайдаланар алдында неліктен тіс дәрігерімен кеңесу керек?

    Sensodyne тіс пастасын 12 жасқа дейінгі балалардың қолданбағаны жөн. Бұл жастағы балалар тістің сезімталдығынан сирек зардап шегеді. Кеңес пен нұсқау алу үшін балалар тіс дәрігеріне жүгініңіз.

  • Sensodyne тіс пастасының құрамында фтор бар ма?

    Иә, барлық Sensodyne тіс пасталарының құрамында фтор бар.

  • Sensodyne тіс пастасының құрамында триклозан бар ма?

    Sensodyne тіс пасталарының құрамында триклозан жоқ.

  • Sensodyne тіс пастасымен тазартқаннан кейін ауыз қуысына арналған шайқағышты пайдалануға болады ма?

    Иә, Сіз Sensodyne тіс пастасымен тазартқаннан кейін ауыз қуысына арналған шайқағышты пайдаланала аласыз. Ауыз қуысы гигиенасының оңтайлы әдістеріне қатысты өз тіс дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
    Sensodyne предлагает ополаскиватель для полости рта для ежедневного использования, который специально разработан для защиты от чувствительности зубов, а также содержит фтор, который помогает укреплять эмаль зубов.

  • Sensodyne тіс пастасының түрпілік индексі (RDA) дегеніміз не?

    Түрпілік индексі (RDA) тіс пастасы түрпілігінің жалпылай қабылданған шарасы болып табылады. Барлық  Sensodyne тіс пасталары Америкалық стоматологиялық қауымдастықтың (ADA),  Тағамдық өнімдер мен дәрілік құралдардың сапасын бақылау басқармасының (FDA) және Күнделікті қолдануға арналған тіс пасталары үшін Стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым нұсқаулығының (ISO) талаптарына сәйкес келеді.
     Sensodyne тіс пасталары үшін  RDA  мәні өнімнің нұсқасына байланысты 13 пен 140 диапазонында болады. RDA мәні  250-ден кем  тіс пасталары күнделікті пайдалануға жарамды болып есептеледі.

  • Ағартқыш құрамы бар Sensodyne тіс пасталарының сезімталдылықты жоғалтумен қатар ағартқыш әсері бар ма?

    Иә, ағартқыш құрамы бар Sensodyne тіс пасталары да тістің сезімталдылығын тиімді төмендетіп, сонымен қатар тіс эмалінің қарайған жерлерін нәзік кетіре отырып, тістің табиғи ақтығын қалпына келтіреді. Sensodyne-ң құрамында сезімталдылықты төмендететін дәлелденген әсерге ие әрекет етуші зат бар.

  • Sensodyne пастасын тісті ағарту процедурасы кезінде қолданған қауіпсіз бе?

    Дентиннің аса сезімталдылығы тістің дентині жалаңашталған кезде туындайтын тістің кең тараған әрі ауырсыну күйі болып табылады (әдетте тістің рецессиясы салдарынан немесе тістің тозуынан).  

    Тісті кәсіби ағарту процедуралары кезінде және кейін туындайтын сезімталдылық  өзге сипатқа ие. Бұл жағдайда ағартқыш зат тіске еніп, сезімталдылықты тудырады деп есептеледі.

    Клиникалық зерттеулер құрамында калий нитраты бар тіс пасталарының  кәсіби ағарту процедуралары салдарынан туындаған сезімталдылықты төмендететінін көрсетті. Осы зерттеулер барысында құрамында калий нитраты бар Sensodyne тіс пастасын ағарту процедураларына дейін және осы процедуралар кезінде екі апта бойына пайдаланған қатысушылардың фторы бар әдеттегі тіс пастасын пайдаланушылармен салыстырғанда тістің сезімталдылығынан анағұрлым азырақ зардап шеккенін көрсетті 

    Ағарту процедураларынан өтуді жоспарлап отырған болсаңыз, ағартқыш заттардың салдарынан туындайтын тістің сезімталдылығына қатысты өз тіс дәрігеріңізбен кеңесіңіз.   Sensodyne құралдарын қаптамада көрсетілгендей пайдаланыңыз.

  • Sensodyne Қалпына келтіру және Қорғаныс тіс пастасы Sensodyne өзге пасталарынан несімен ерекшеленеді?

    Sensodyne Қалпына келтіру және Қорғаныс тіс пастасының құрамында өзге әрекет етуші зат бар. Бұл қосылыс NovaMin деп аталады,ол тістің сезімтал бөліктерінде қалпына келтіретін қорғаныс қабатын түзеді. Аса сезімталдылықтан ұзақ уақыт қорғану үшін осы пастамен тісті күнінен 2 рет тазартыңыз.

Sensodyne тіс шөткесі